Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 08.12.2022
Алтын «Парыз» Мемлекеттік сыйлығы үлкен жауапкершілікті жүктейді!
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС бас директоры Анарбек Орман кәсіпорынның «Экологияға қосқан үлесі үшін» берілген Мемлекеттік сыйлықпен ұжымды құттықтады. Алтын «Парыз» сыйлығы - 2022 жылдың қорытындысы және соңғы жылдарда қолға алынған бірқатар маңызды жобалардың нәтижесі деуге болады. Ол: еңбек қауіпсіздігі, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі және стратегиялық маңызға ие саланы дамытуда экологиялық шешімдерге тәуекел етудің нәтижесі.
Анарбек Орман «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС Бас директоры
Кәсіпорын ұжымы соңғы 10 жыл ішінде қаладан шығатын шайынды суды тазарту кешенінің аумағында 100 мың ағаш екті. Бұл жұмыс жалғасып отыр. Мекеме басшылығының «кешен аумағын кеңейтумен қатар, оны орманға айналдырамыз» деген амбициозды жоспары бар.
Ұжымды құттықтаған Анарбек Оңғарұлы 2023 жылы ұстануға ниетті мақсатын да айтты. Ол – халықты сумен қамту және кәріз жүйесі бойынша қызмет көрсетуде жаңа технологияны, автоматтандырылған жүйені кеңінен енгізуде сапалы жұмыс істеу. Бұл ретте сала мамандары өз жобалары мен ұсыныстарын бере алады.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.9%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.9%
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты