Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 22.12.2022
КӘСІПКЕ БЕЙІМДЕУ САҒАТТАРЫ ЖАЛҒАСТЫ
Ал орталық диспетчерлік қызметінің автоманттандырылған бақылау жүйесі ұл-қыздарды бірден қызықтырды. Аудандарда су қысымының реттелуі, апатты жағдайлар мен ақауларды дер кезінде жөндеуді орталықтан бақылау барысына қатысты сұрақтары да аз болған жоқ. Экскурсия Кәсіпорын музейінде жалғасты. Оқушыларға мекеме тарихы, суды өндіру, желілер арқылы тартылған суды зарарсыздандыру, шайынды суды тазарту процестері туралы айтылды. Сонымен қатар, олар жаңа технологиямен танысты.
Айта кетейік, «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС-нің басшылығы жастарды техникалық мамандықтарға бейімдеу бағытында дуалды оқыту мектеп қабырғасынан басталуы керектігін барынша қолдайды. Сондықтан экскурсиялар мекемеде әр аптаның бисенбісінде жалғасын табады.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.9%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.8%
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты