Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 26.12.2022
Қоғаммен байланыстың әдемі көрінісі
Кәсіпорында жылдың соңғы ақпараттық туры «Арулар» клубының қыз-келіншектеріне арналды. Бұл қоғамдық ұйым Шымкентте осыдан 15 жылдан астам уақыт бұрын құрылған. Құрамында өңірдің барлық салаларында еңбек еткен арулар бар. Қонақтар алдымен кәсіпорынның даму кезеңдерінен мағлұматтарға қанығып, мұражайды көрді.
Ауыз су сапасын бақылау зертханасында қыз-келіншектер Шымкент суының ең сапалы, ең дәмді екеніне тағы бір көз жеткізді. Тұтынушыларды ауыз сумен қамтуға арналған 5 бірдей су жинақтау орындарының жұмысы мен ұңғымаларды зерттеу, пайдаланылатын су сынамаларын үздіксіз алып, қорытындысын шығару – барлығы қатаң бақылауда, - дейді зертхана меңгерушісі Гүлжан Нұрланқызы.
Бұл - стратегиялық нысандар. Сондықтан, бәрі де қатаң бақылауда. Әр ұңғыма, ондағы құрылғылар - тәулік бойы үзіліссіз жұмыс істейді.Бізде тәртіп қатаң. Олай болмаса, халыққа таза су жеткізу жұмысы жүйеленбес еді.//
Гүлжан Жауылбаева «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС зертханасының басшысы
Орталық диспетчерлік қызметінің автоматтандырылған жұмысы да қонақтардың көңілінен шықты. Тұрғындармен кері байланыс түзу, оларға қызмет көрсету сапасын арттыруда қолға алынған жұмыстар нәтижелі екенін көрді.
Гүлшара Сапарбаева «Арулар» қыз-келіншектер клубының президенті
Кәсіпорын жұмысымен танысу кәсіпорынның Бас директоры Анарбек Орманмен кездесуде қорытындыланды. 1000-ға жуық адам жұмыс істейтін мекеме бөлімшелері өңірдегі инженерлік-коммуникациялық жүйені реттеуге атсалысып келеді. Оның үстіне, жаңа жобалар жоспары да ауқымды.
Анарбек Орман «СРМ» ЖШС Бас директоры
Кездесуде тіршілік көзін өндіріп, суды тазарту барысынан бөлек осы саланың жұмысына жауапты мықты мамандарды даярлау, жастарды техникалық мамандықтарға бейімдеу, Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың қажеттілігі, оқу орындарымен байланыс жағы да сөз болды. Қоғамның өзекті мәселелері.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.9%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.8%
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты