Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 25.12.2022
Біздің жеңімпаздар!
«Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де Кәсіпорын болашағы" байқауының жеңімпаздары анықталды. Конкурстың мақсаты басшылық лауазымдарға көтерілуге қабілетті, перспективалы мамандарды анықтау болатын. Қатысушылар екі бірдей сынақ кезеңінен өтті-тестілеу және арнайы комиссия мүшелерінің сауалдарына жауап беріп, әңгімелесу. Байқауға қатысушылар тұтынушыларды сумен қамту және шайынды суды тазарту, бұрудың барлық бағыттары бойынша өз білімін көрсету тиіс болды.
Нәтижесінде "Кәсіпорын болашағы" байқауының жеңімпазы болып қаладағы шайынды суды тазарту құрылғылары кешенінің тұнбаны өңдеу цехының бастығы Игорь Гасанов танылды. Ол нағыз білікті маман, терең білімінің арқасында Тазарту қондырғыларындағы биогаз өндіру ісін жүйелеуге еңбегін сіңірді. Бүгінде жауапты бөлімі сағат сияқты тынымсыз жұмыс істейді. Естеріңізге салар болсақ, Шымкенттегі бұл кешен әзірге Орталық Азия елдеріндегі жалғыз биогаз қондырғысы саналады. Игорь Анатольевич байқауда өз қабілетінің жоғары, нағыз кәсіби маман екенін дәлелдеді.
«Рахмет! Сіз біздің резервтегі бірінші нөмірсіз! Бұл біздің мақтанышымыз, абыройымыз, кәсіпорнымыздың имиджі!»
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС Бас директоры
Анарбек Орман
Екінші орынды Халықпен жұмыс жөніндегі қызмет инспекторы Ғани Нұрмаханов иеленді. Оның жұмысы су және кәріз желілерін пайдаланумен тікелей байланысты болмаса да, жүйелерге қызмет көрсету ережелерін жақсы білетінін көрсетті. Ғани "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС Болашақ басшыларының резервіне енді.
Үшінші орын конкурстың ең жас қатысушыларының бірі - "Энергия СРМ" ЖШС бас энергетигі Сұлтан Бейсенбаевқа бұйырды. Төртінші орын иегері дилерлік учаскенің инженері Мадияр Әлияаскар болды.
Барлық жеңімпаздарға тыңғылықты дайындығы мен біліктігі үшін кәсіпорын басшылығы ақшалай сыйлықтар табыстап, алғыс айтты. Кәсіпорында алдағы уақытта да барлық бөлімшелерді қамтып, осындай конкурстар өткізу жоспарланып отыр.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.7%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.2%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты