Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 27.12.2022
Жаңа жылдық әдемі дәстүр жалғасын тапты
Әр жылы "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС басшылығы мен кәсіподақ ұйымының шымкенттік ондаған балаларға сыйлық тарту етіп, көңілін көтеруді әдемі үрдіске айналдырған. Бұл жолғы көңілді кеш Мәншүк Мәметова атындағы № 35 мектепте өтті. Оны ұйымдастырған мектеп оқушыларының өздері. Қонаққа осы мектеп мұғалімдері сабақ беретін, үйде білім алатын ерекше балалар шақырылыпты. Жаңажылдық ертеңгілікте бастауыш сынып оқушылары би билеп, ән айтты.
"Біздің демеушілеріміз, біздің су арнамыз сіздерге арнайы сыйлықтар жасады", -
Жанна Қарабаева мектеп директоры
Кәсіпорынның кәсіподақ ұйымы жетекшісі Забадам елдімекеніне де барды. Бұл да қалыптасқан дәстүр. Тұрғын алабындағы жиырма отбасының балалары аға-әпкелерінің сыйлығын жылда күтеді.
Су арнасының кәсіподақ ұйымы ұжымдағы қызметкерлердің де балаларын ұмытпайды. Жаңа жылдық тәтті сыйлықтар оларға да берілді.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.7%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.2%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты