Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 08.01.2023
Экологияны жақсартуға тағы бір қадам
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС басшылығы экология мәселелеріне айрықша көңіл бөледі, бұл бағытта нақты жұмыс жоспары түзілген. Басты қадамдардың бірі - Бөржар су жинақтағышына хлорелланы ендіру. Ондағы қоймада тазартылған су қоры бар. Ол шаруа қожалықтарына техникалық дақылдарды суару үшін жіберіледі. Жалпы, Хлорелла дегеніміз не? Оның пайдасы мен қолданылуын ғылыми зерттеулермен айналысатын әріптесіміз, Петропавл компаниясының өкілі түсіндіріп берді.
"Бұл - бір жасушалы организмдер, олар суға түскен сәттен тез көбейе бастайды, процесс барысында бойына биогенді заттарды сіңіреді. Бұл - ең алдымен, құрамында азот бар топтар, аммиак, нитраттар, көмірқышқыл газы және көп мөлшерде оттегі шығарады. Фотосинтетикалық аэрация жүреді, резервуарда табиғи өзін-өзі тазарту механизмдері іске қосылады. Су тазарады. Құрамындағы биогенді заттар азаяды және иіссізденеді".
Николай Васильев
"Судың ғылыми-технологиялық орталығы" ЖШС бас инженері
Петропавл ғылыми-өндірістік орталығының өкілдері бірнеше жыл бұрын Шымкентттегі шайынды су тазарту қондырғылары кешеніндегі жағдайды зерттеген-ді. 2022 жылы Петропавлға тәжірибе алмасу үшін "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС мамандары арнайы жіберілді. Солтүстік өңірінде, хлорелла кәріз суын тазарту барысында өте тиімді қолданылып келеді.
"Шымкенттік кәсіпорын мамандары бізге сарқынды су сынамасын және Бөржар жинақтағышынан су үлгісін жіберген болатын. Біз бірқатар зерттеулерімізді жүргіздік, тәжірибені зерделеу мақсатында мамандар арнайы келіп, нәтижелі жұмыс істелгеніне көз жеткіздік".
Александр Рейбанд
"Су бойынша ғылыми-технологиялық орталығы" ЖШС директоры
2022 жылдың аяғында Бөржар су жинақтағышына хлорелла себілді. Мамандардың айтуынша, күн жылына бастағанда микроорганизмдер де жұмыс істей бастайды, яғни 2-3 ай ішінде нәтиже береді деген сөз.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.6%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.8%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.9%
БАҚ
14.4%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 5678
дауыс мұрағаты