Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 05.01.2023
Шымкент қаласында шайынды су тазарту кешенін ұлғайту құрылысы басталды
Бұл - Шымкенттің стратегиялық маңызды нысандарының бірі. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС Бас директоры Анарбек Орман алдымен қала басшылығын кешенді ұлғайту жобасымен таныстырып, сұрақтарына жауап берді. Өз кезегінде Мұрат Әйтенов бұл жоба - қаламыз үшін өте маңызды екенін атап өтті.
Қуаттылығы тәулігіне 150 мың м3 шайынды суды тазартуға арналған кешен құрылғылары жыл он екі ай жұмыс істейді. Тұтынушылардан жиналатын сарқынды суға қар, жаңбыр суын қосыңыз, яғни кешен құрылғыларының жүктемесі шамадын тыс. Оның үстіне жылдан-жылға қала тұрғындарының қатары артып отыр. Сондықтан кешенді кеңейту жобасы ауадай қажет. Ол іске асыылса Шымкентте 2025 жылы шайынды су тазарту мәселесі шешіледі.
Қаланың даму жоспарына сәйкес, бүгінде солтүстік бөлігінде көпқабатты үйлердің құрылысы қарқын алған. "Шымкент Сити" мен Тұран шағынауданында тұратын халық саны қазырдің өзінде 80 000-ға жетті. 2023 жылы бюджет есебінен салынған кәріз желілеріне Самал-1, Самал-2, Солтүстік-Батыс, Қайтпас-1, Қайтпас-2 шағын аудандарында, Гидролизный, Ворошиловка, Чапаевка т/а-нда 41 мыңнан астам жеке үйлер қосылуға дайын отыр. Осы аумақта барлығы 264 мың тұтынушы кәріз жүйесіне қосылады деген сөз.
Осы негіздемелерге сүйене отырып және Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің "жасыл қалалар" бағдарламасы шеңберінде ЕБ Шымкент қаласының кәріз жүйелері кешенінің қуатын тәулігіне қосымша 50 мың текше метрге ұлғайту жобасын мақұлдады. Бұл мәселені шешу мақсатында мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. 2022 жылдың 23 қыркүйегінде Шымкент әкімдігінде банкпен алтыншы келісім-шартқа қол қойылды. Бұл кездесуге банктің вице-президенті Алан Пию арнайы келген. Шымкент қаласының әкімдігін әкімнің орынбасары Мақсұт Исахов, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС Бас директоры Анарбек Орман құжатқа қол қойған болатын. Жобаның құны 3,9 млрд. теңгені құрайды. Жобаны қаржыландыру үшін:
- ЕҚДБ 1,8 млрд. теңге мөлшерінде несие;
- ҚР Үкіметі 1,8 млрд. теңге көлемінде мемлекеттік қолдау субсидиясын;
- "Су ресурстары – Маркетинг" ЖШС өз есебінен 300 миллион теңге көлемінде қаржы бөліп отыр. Кешенді салу мерзімі 23 айды құрайды деп бекітілген.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.7%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.2%
Басқа
16.0%
барлық дауыс: 5547
дауыс мұрағаты