русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары

новость от 08.01.2023

Қазақстанда кәріз суын тазарту желілерінің 90%-і торзып тұр
Жуырда сенатор Ольга Булавкина елдегі тазарту қондырғыларының 1950 жылдары салынғанын және жаңартылмағанын айтып өзекті мәселені көтерді. Әсіресе, Көкшетау, Екібастұз, Семей, Риддер және Петропавлдағы жағдай сын көтермейді.
Яғни, жылыту жүйесіндегі тозған құбырлардан бөлек, бізде кәріз желілерінің құбырлары да жарамсыз күйде. Сонда біз отыз жылда не істедік? Енді не істейміз? Индустрия және инфрақұрылымды дамыту экс-министрі депутатқа жауап беруге тырысып, жақсы жоспар түзгенін айтқан еді. Тіпті, жаңа кәріз суын шаятын қондырғыларды орнатып, құрылыс жүргіземіз деп уәде берді. Мұндай жаңарту жұмыстарын 2028 жылға дейін ел аумағындағы 68 қалада жүргізу керек. Жалпы,  89 қаланың 27-сінде сарқынды су тазарту кешені мүлдем жоқ. Ал, 41-індегі қондырғылар жүйесінің 60% -ы тозып тұр.
"МҚҰ-ның қарыз қаржысы мемлекеттік кепілдікпен 15 жылға дейінгі мерзімге берілетін болады. 45 мыңнан астам халқы бар 26 ірі қалаларда жобаларды іске асыру үшін шамамен 403 млрд теңге қажет. Қарыздарды қайтару екі көзден жоспарланады: тариф және республикалық, жергілікті бюджеттерден субсидиялар түрінде", деген еді ведомство басшысы
«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары