Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 10.01.2023
2023 жылғы алғашқы қоғамдық қабылдау 10 қаңтарда өткізілді. Оны ұйымдастырған ҚР ҰЭМ Табиғи
монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті. Мамандар
бұл жолы да тұтынушылармен онлайн сөйлесті. Виртуалды қабылдау Департаменттің
Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунты арқылы өтті және шымкенттіктер
коммуналды салаға қатысты өз сұрақтарын қойды.
Кері байланыс
сағатына коммуналды қызмет ұсынушылардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық
ұйымдардың өкілдері қатысты, монополияларды реттеу комитетінің департамент
басшысы Дархан Қайынбердиев жүргізіп отырды. Ол ведомствоның қызметі,
коммуналды саладағы проблемаларды болдырмау үшін қабылданып жатқан шаралар
туралы айтты. Тарифтерге егжей-тегжейлі тоқталды. Әсіресе суық мезгілде
коммуналды қызметтердің көрсетілуіне, тұрақты жұмысына да тоқталды.
"Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС-інің қызметіне қатысты, яғни сумен қамту және су
бұру қызметтерін тұтынушылардан сұрақтар түскен жоқ. Егер сауалдар болса, кәсіпорынның
Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарына хабарласып,
сондай-ақ +77057581111 Whatsapp-қа жазуға болатынын естеріңізге саламыз..
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты