Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 10.01.2023
Ақмола облысында орналасқан гидротехникалық құрылғылардың алпыстан астамы тозып тұр. Басым көпшілігі кеңес заманында пайдалануға берілген. "Өңірдегі гидротехникалық құрылғылар расында апатты жағдайда, олардың кейбірі жөндеуді, енді бірі – толық жаңғыртуды қажет етеді. Барлығы шамамен 70% - ға тозған, сондықтан су тасқыны бола қалса, бұзылмасына ешкім кепілдік бере алмайды", – деді облыстық ТЖ департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Ерден Берлібеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Өңір аумағында 90 гидротехникалық нысан бір уақтты салынған, оның 17 – сі республикалық меншікте, 66 – сы коммуналдық, жетеуі жекенің еншісінде. Үшеуі – "Иванковская", "Негізгі" және "Веденовская" бөгеттері қатты тозған. Қанағаттанарлықсыз жағдайда 18 нысан бар. Дегенмен, су тасқынының алдын-алу және еріген қар суын тиісті жүйеге бағыттау бойынша жоспарлы жұмыстар жалғасып жатыр. Мамандар осылай сендіреді.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.3%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.6%
Жолым түскенде төлеймін
19.5%
Төлемегеніме көп уақыт болды
19.2%
барлық дауыс: 5223
дауыс мұрағаты