Жаңалық - Микс
новость от 10.01.2023
Семейде аюлар қысқы ұйқыдан ерте оянды
Мамандардың айтуынша, аюлардың оянуы ауа-райының жылы болуынан.Биоорталықтың қызметкерлері аюлардың қыс ортасында оянуы бұрын да болғанын айтады.
"Аюлар қайтадан ұйықтаған жағдайлар да болған. Біз оларды бақылауда ұстаймыз. Олар әдетте қысқы ұйқыдан ақпан айының басында шығады. Ал, егер биылғыдай ерте оянса, олардың денесін, ағзасын қазіргі жағдайға бейімдеп, диетаны да арттырамыз", − дейді Семей биоорталығының биологиялық бөлімінің меңгерушісі Дарья Вощакина.
Орталықтағылар әдетте, аюлардың қыста ұйықтауының басты себебі - тамақтың болмауынан деп түсіндірді. Ал, зообақ немесе арнайы орталыққа қамалған жануарлардың мінез-құлқы жиі өзгереді. Қазір Семейде ауа температурасы -20 градусқа дейін төмедеуде. Синоптиктер алдағы күндері де күннің суық болатынын болжап отыр.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.6%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.8%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.3%
Басқа
16.0%
барлық дауыс: 5659
дауыс мұрағаты