Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 12.01.2023
Елдің әр өңірлеріндегі сумен қамту желілерінде апта сайын түрлі апаттар болып жатыр. 2023 жылдың алғашқы күндерінен-ақ су құбырлары жарылған жәйттер көбейді. Басты себеп – су желілері тозуы.
Қостанайлықтар үйлеріне су кіре бастағанда алғашқыда өздері әрекет етті. Ал 9-10 қаңтар күндері шағын аудандардың бірін, одан кейін жеке үйлердің бірқатар су астында қалды, содан кейін көпқабатты үйлерге де жетті, кейіннен үй аулаларына, қора-қопсыларға кірді. Суды тартып, насоспен айдауға 10 техника мен 20 адам тартылды. "Қостанай су" мекемесі әлі күнге дейін апатты қалпына келтіріп әлек.
Маңғыстау облысы Атамекен ауылының тұрғындары болса, 16 жылдан бері жертөлені судан тарзартумен әбігерге түсіп келеді. Бұрын орнатылған дренаж жүйесі әбден тозған, жұмыс істемейді, ал кейіннен орнатылған заманауи сорғылар мәселені шешпеген. Есесіне, ауыл тұрғындарының үйлері жарамсыз күйге түсуде. Қабырғалары көгеріп, іргетасында сызат пайда болған. Ауыл басшысы бір ай ішінде су айдау мәселесін шешіп беретінін айтып сендірді.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.9%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.9%
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты