Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 15.01.2023
Қала аумағында ауа
температурасының төмендеуіне
байланысты, аязды күндері кәсіпорынның диспетчерлік қызметіне үйдегі су
құбырларының қатып қалғанын айтып шағымданушыларда есеп жоқ. Тұтынушыларға
көмектесу үшін қосымша бригадалар құрылды. Олар су құбыры қатып қалған
жерлестеріміздің әрбіріне барып, барынша көмек көрсетуде.
"Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС алдын-ала ескерту жасап, құбырларды,
есептегіштерді орау, суыққа дайындау туралы БАҚ мен әлеуметтік желілерде
бірнеше рет ақпарат жариялаған болатын. Тұтынушыларға телеграм чат-бот арқылы да
аяз күтілетіні туралы ескертілді. Алайда, көп тұрғындар бұған немқұрайлы
қарады. Нәтижесі – бүгінгідей...
Қаладағы Солтүстік, Жоғарғы және төменгі Отырар, Қарасу
шағынаудандарындағы және 3-ші, 4-ші, 16-шы, 17-ші, 18-ші шағынаудандарда, Уәлиханов,
Молдағұлова, Алдияров көшелеріндегі тұрғын үйлерде су құбырлары мен таратылатын
желі қатып қалған. Мұның бәрі - қысқа дұрыс дайындалмағанның салдары. Жауапты әкімшілік
органдары тұрғын үйлердің дайындығын ұйымдастырып бақылауға алмағаны белгілі
болды. Көпқабатты үй кіреберістерінде әйнектер жоқ, есіктері жабылмайды,
жертөлелер оқшауланбаған. Осының кесірінен аяз басталғанда үй ішілік су желілері
қатып қалған.
Жер үйлерде де
жағдай осындай. Үй тұрғындары негізінен ауласындағы су құбырлары, есептегіштері
жарылған немесе суықта қатып қалғанын айтып шағымдануда. Қаладағы орталық су
құбырында, магистральды желіде апатты жағдай болған жоқ. Күрделіліктер
негізінен тұтынушылардың өз меншігіне қарайтын ішкі желілерінде туындап отыр. Ол
- тұрғындардың меншігіндегі жүйе. Ішкі су құбыры желілерінде мұз қатқан
құбырларды жылыту, қалыпқа келтіру "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің
құзыретіне кірмейді. Алайда, жағдай күрделенбес үшін кәсіпорын басшылығы
халыққа шұғыл көмек көрсету үшін қосымша жұмыс бригадаларын құрды.
Көпқабатты тұрғын
үйлердің күзгі-қысқы суықтарға дайындығына немқұрайды қарауға болмайды. Тұрғындар
өзін-өзі басқару органдарын құрмай, оны іске қоспай тірлік болмайтынын ескеруі
керек. Әкімшілік органдары осы жұмысты тыңғылықты ұйымдастыруы қажет. Ал, соңғы
жағдайлар бізде меншік иелерінің қоғамы тек қағаз жүзінде "істейтінін" бірден аңғартты. Тұрғын
үйлердің ішкі жүйесін жоспарлы, күрделі жөндеуден өткізбесе болмайды, көбінің
тозығы жеткен. Және әр маусымға дайындық тиісті деңгейде қолға алынбаса, жағдай
бұдан да күрделі болуы ғажап емес.
Біздің қызметкерлер
бүгін де қалалықтарға көмек қолын созып, суын қосып беріп жатыр. Авариялық бригадалар
суықта күндіз-түні жұмыс істеуде.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты