Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 16.01.2023
Күннің суығынан
тұрғындардың үйінде су құбырларының қатып жатқанын ескеріп,
СРМ кәсіпорны кезекшілік ұйымдастырған болатын. Бүгінде 25 арнайы бригада жұмыс
істеп жатыр. Олардың құрамында аудандық су арналары мен пайдалану учаскелерінің
қызметкерлері бар.
Орталық
диспетчерлік қызметіне қоңырау шалып, шағымданушылардың саны әлі де азайып
отырған жоқ. Осыны ескеріп, кәсіпорын басшылығы бригадалар санын 45-ке жеткізуді
тапсырды. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС Бас директорының орынбасары
Бекжан Ешімбетов қосымша бригадаларға дилерлік және мердігерлік ұйымдардың мамандары
тартылатынын нақтылады.
Бригадалар тұрғын
үйлер мен нысандарда түнгі 3-ке дейін жұмыс істеуде. Тұтынушылар сусыз қалмауы
үшін барлық шаралар қаралады. Көп тұрғындар мамандардың жұмысына алғысын айтып
та хабарласып жатыр.
Ал, синоптиктердің
болжауынша, аяз айдың соңына дейін созылуы мүмкін. Сондықтан үй ішіндегі және
ауладағы су құбыры желілерін тексеріп
тұруды ұмытпаңыздар. Ашық жатқан су құбырлары мен есептегіш бар тораптарды орап
қойыңыздар. Түнгі уақытта су айналымы тоқтамас үшін кранды аздап ашып қойған
дұрыс.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты