русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 18.01.2023

«СРМ» ЖШС-інде бүгінде 300-ге жуық жас мамандар еңбек етеді. Биылғы жылы олардың қатары толыға түсері анық. Себебі, Жоғары оқу орындары мен арнаулы оқу орындарын бітіруші студенттер кәсіпорынға арнайы келіп, өндіріс барысымен танысуды әдетке айналдырған. Жуырда келген бір топ студенттер М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің бітіруші түлектері. Аграрлық факультетінің «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша жоғары білім алушы жастар алдымен кәсіпорынның зертханасындағы жұмыстарымен танысты.

Су сапасын анықтау, талдау барысына қаныққан студенттерге тұтынушыларды сумен қамту, шайынды суды тазарту процесін бақылап, тұрғындармен кері байланыста бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін Орталық диспетчерлік қызметінің жұмысы да көрсетілді. Су резервуарлары, су қысымын бақылау, авариялық бригада қозғалысы мен оның жұмысын көрген болашақ су мамандары жүйенің теориядағыдан әлдеқайда күрделі екеніне көз жеткізді.

Диас Оралбек студент
Кәсіпорынға келушілер алғашқыда мұнда қызықты мәліметтер мен өңірдегі су және кәріз жүйесінің даму жолдарын айғақтайтын деректердің барына мән бере бермейді. Музейде осының бәріне қанығады. Шымкентті үздіксіз ауыз сумен қамтып, сарқынды су тазарту кешеніндегі ауқымды жұмыстарды бейнебаяннан және осындағы макеттерден көрген соң – стратегиялық нысандардың көрінбейтін тындырымды тірлігін түсіне бастайды.

оқытушы
Студенттерге таныстырған тұстардың бәрі маңызды. Менің ойымша, бүгін олар көп мәлімет алды. Болашақта осы салада жұмыс істейтін жастарға бұл жақсы бағыт болды деп есепиеймін.

Кәсіпорын жұмысымен танысуға жастар мен оқушылар және олардың ұстаздары апта сайын келеді.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары