Жаңалық - Әлем жаңалықтары
новость от 17.01.2023
Қазақстан
Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова мен
Жапонияның Парламенттік сыртқы істер вице-министрі Ёшикава Юуми екіжақты
кездесу барысында экология саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін
талқылады. Айта кету керек, Жапония 2020 жылы 2050
жылға дейін парниктік газдар шығарындыларының нөлдік деңгейіне жетуді мақсат
етіп қойды.Қазіргі уақытта Күншығыс елі энергетикалық көздерден парниктік
газдардың шығарылу көлемі бойынша әлемде 5-ші орында (ҚХР, АҚШ, Үндістан, Ресей)
тұр. Жапондық тарап бірлескен Кредиттеу механизмі (JCM) аясында Қазақстанмен
ынтымақтастыққа мүдделі екенін білдірді. Бұл механизм озық технологияларды
және шығарындыларды азайту жөніндегі инфрақұрылымды таратуға, сондай-ақ
климаттың өзгеруінің салдарын жұмсарту жөніндегі шараларды жүзеге асыруға ықпал
етеді.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты