Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 18.01.2023
Синоптиктердің
болжауынша, аяз қаңтар айының соңына дейін созылуы мүмкін. Осыған байланысты, "Су ресурстары-Маркетинг"
ЖШС басшылығы тұтынушылардан су құбырларын барынша бақылау қажеттігін ескертеді. Авариялық жағдайлардың
алдын алу үшін, су құбырларын, сумен қамту желілерін, есептегіштер орналасқан
тораптарды, аулаларыңыздағы кранды қайта-қайта тексеріп, қажет болған жағдайда
орап қойыңыздар. Көпқабатты үй тұрғындары кіреберіс алаңдарында терезе,
әйнектерін түгелдеп, есіктердің жарамдылығын тексергені жөн. Жертөле бөлмелерін таза, жылы ұстауға көңіл
бөліңіздер. Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, "СРМ" ЖШС-нің
орталық диспетчерлік қызметіне телефон арқылы хабарласуға болады: +77081102121,
8(7252) 321-274; +77057581111 (қоғаммен байланыс бөлімі, сағат 9.00-ден
18.00-ге дейін).
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты