Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 22.01.2023
дербес шот ашу туралы сұрақтар көп түседі. Мұндай сұрақтарды жаңа шағын аудандарда тұрғын
үй сатып алған жаңа қоныстанушылар да көп қояды.
Сумен қамту және су
бұру қызметтері бойынша келісім-шарт түзу үшін тұтынушы үйіне немесе пәтеріне
қоныстанғаннан бастап 10 күн ішінде сол ауданға қызмет көрсететін дилерлік
учаскеге жүгінуі керек. Тұрғын үй иесі жеке куәлігін, egov.kz порталынан
алынған жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын анықтаманы және
жылжымайтын мүлік құжаттарын ала кеоуі керек (көбісі ипотекалық несие
рәсімдейді, сондықтан банк шарты қажет). Дәл осы құжаттар жеке сектордан үй
алған азаматтардан да талап етіледі. Сондай-ақ, көпқабатты үй тұрғындары мұндай
келісімді түзу үшін құжаттарын дайындап, өз учаскесі бойынша
инспектор-бақылаушыны шақырып та рәсімдей алады.
Дилерлік
учаскеңіздің мекен-жайын +7 705 758 11 11 (whatsapp) телефоны арқылы
нақтылай аласыз.
Ал енді, өзге
біреулерден тұрғын үй сатып алған тұтынушылар да "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС-мен сумен қамту және кәріз жүйесін пайдалану
бойынша шарт жасасуы қажет. Оны түзу үшін абонент дилерлік учаскеге немесе
"СРМ" ЖШС қоғамдық қабылдау бөлмесіне жүгіне алады. Жеке куәліктің
көшірмесін және егов порталы арқылы меншік құқығын растайтын анықтаманы ала
келуі керек.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты