Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 23.01.2023
"Соңғы уақытта
бақылаушы келгенде үйде болмаймыз, пайдаланылған судың көрсеткішін есепке алу қиындық
туғызуда. Біз инспекторымыздың телефон нөмірін де білмейміз, оған да деректерді
жіберу мүмкін болмай тұр. Мұндай жағдайда не істесек болады?».
Көпқабатты үй
тұрғындарынан, жеке су есептегіш құралдары пәтерлерінде орнатылған тұтынушылардан
осындай сұрақтар жиі түседі. Бұндай жағдайдың шешімі бар және ол өте тиімді. Ол
үшін мекеменің телеграм чат-ботына тіркелсеңіз болғаны(сілтеме: wrm_bot).
Тіркелу үшін Сіз сумен қамту және кәріз қызметі үшін жеке шотыңыздың нөмірін
білуіңіз керек. Тіркелуге көп уақыт кетпейді, аздаған минут ішінде жасап
аласыз.
"Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің виртуалды көмекшісі Сізге қандай көмек бере
алады? Ең алдымен, чат-ботта сіз тұтынылған су мен кәріз қызметі үшін
электронды түбіртекті табыңыз, тексеріңіз. Міне, осы түбіртек арқылы инспектор-бақылаушының
келуін күтпей-ақ, төлемақыны жасауыңызға болады. Сіз осы жерден жыл бойғы
балансыңызды да біліп отырасыз. Виртуалды көмекші
сізге суды есептеу құралын тексерудің мерзімін де еске салып отырады және
төтенше жағдай туралы да алдын-ала ескертеді. Сондықтан уақытты жоғалтпай, біздің
чат-ботқа тіркеліңіз!
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты