Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 23.01.2023
Алматы облысының бірқатар ауылдарында кешесі суықтарда су құбырлары қатып қалды, тұрғындар сусыз қалды. Мәселен, өткен аптада Қарасай ауданындғы Жаңатұрмыс ауылының тұрғындары сусыз күнелтті. 2020 жылы ауылда ұзындығы 11 шақырым жаңа су құбыры тартылған. Өкінішке қарай, сапасыз салынып, нәтижесінде құбыр бірнеше рет жарылды. Ол үшін ешкім, ешқандай жауапкершілікке тартылған жоқ. Енді міне, тағы да сол жаңа су құбыры қатып қалды, оны жылыту үшін "Таусамалы қызмет" коммуналды қызметінің мамандары әбден сыналған, аталарының әдісіне жүгініп, ескі автомобиль шиналарын өртей бастады. Қатқан құбырды "жылыту операциясы" бірнеше күнге созылады және қашан аяқталатыны белгісіз. Себебі су құбырының барлық бөлігі мұз құрсауында қалған. Жұмысшылар құбырларды бөлшектеп кесіп алып жылытып жатыр. Сосын оларды қайта дәнекерле, құрастыруда...
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.7%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.2%
Басқа
16.0%
барлық дауыс: 5541
дауыс мұрағаты