Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 24.01.2023
Оған қатысты ұсынысты экология министрлігі әзірлеген. Бұл туралы "Қазсуашар" РМК бас директорының пайдалану және автоматтандыру жөніндегі орынбасары Ербол Салихбаев мәлімдеді. "Бүгінде республикада 3440 су арналарының жүйесі бар. Су шаруашылықтарындағы негізгі жүйе. Бір кездері су құбырлары жүйелері толығымен коммуналды меншікте болған, сондықтан олардың көпшілігі қазіргі су тарифіне енбеген. Яғни, оларды тиісті деңгейде пайдалануға қазіргі тариф бойынша қаржыландыру көзделмеген. Осыған байланысты биыл біз өз ұсыныстарымызды мемлекеттік органдарға жібереміз. Келесі жылы суға нақты, дұрыс тариф бекітіледі деп ойлаймыз", – деп түсіндірді сала маманы. Оның айтуынша, су қоймаларын күтіп ұстау өте маңызды мәселе. Одан бөлек, су саласы мамандарының жалақысы да өзекті жағдай. Су саласының қызметкерлері - елдегі ең төмен жалақы алатындардың бірі.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.9%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.9%
барлық дауыс: 5093
дауыс мұрағаты