Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 25.01.2023
"Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелеріне кәсіпорын
нысандары бойынша арнайы ақпараттық тур ұйымдастырды. Алдымен еңбек ардагерлері
– қаладағы 5 ауданнан жиналған аға буын кәріз-тазарту
имараттары кешенінің
жұмысын көрді. Тазарту
қондырғылары кешенінің басшысы Ирина Казаринова
қонақтарға кешеннің жұмысы, кәріз ағынын өңдеу кезінде қолданылатын
технологиялар және жалпы кәсіпорын жұмысы туралы толымды түрде айтып
берді.
Біз Қазақстанның,тіпті ТМД елдерінің қалаларында жоқ нәрсеге қол
жеткіздік, өйткені біз саладағы көп тұстарды жіті қарап, оған қатысты
технологияларды енгіздік. Тұтыну барысында су үнемдеуге қажетті есептегіштерді
орнатуды бірінші болып бастадық. Бүгінде қалалықтардың 100%-ында су есептегіш
құралдары орнатылған. олар тек тұтынған суы үшін төлейді.
Ирина Казаринова «СРМ» ЖШС шайынды суды тазарту кешенінің
басшысы
Ардагерлердің
көбі тазарту кешеніне алғаш рет келді – олар үшін жаңалық болды. Сұрақтарды да
көп қойды. Күнделікті суды, кәріз жүйесін пайдаланғанымен, шайынды түрі қалай
өңделетініне, оның қандай жолмен табиғатқа қайта жіберілетініне мән бермейтіні
рас. Бұл өзекті мәселенің жолға қойылғанына кеуілі толып қайтты.
"Жақсы дамыған технология-бәрі қайта
өңделеді және бәрі өте ұтымды қолданылады! Пайдаланылған тұнба тыңайтқыштарға,
ал тазартылған су техникалық дақылдарды суаруға кетеді. Бұл өте маңызды,
өйткені жақын арада су тапшы болады".
Намазбай Орманов Еңбек ардагері
Тазарту
қондырғылары кешенін көріп болып ардагерлер "Су ресурстары-Маркетинг"
ЖШС басқармасына барып, Әл-фараби аудандық ардагерлер кеңесі ұйымдастырған семинар-кеңеске
қатысты.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты