Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 26.01.2023
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің хабарлауынша,, бүгінгі таңда су басу қаупі аймағында 255 елді мекен, су жайылуға бейім 482 автомобиль және 600 астам теміржол учаскелері, су қорғау белдеулерінде 309 елді мекен бар.
Су тасқыны жағдайы қиындағанда жедел ден қою мақсатында 35 мыңнан астам адам, шамамен 11 мың бірлік техника, 12 дана «Қазавиақұтқару» әуе кемесі, 650 астам жүзу құралы және 3 мыңнан артықмотопомпа санында күштер мен құралдар топтамасы қалыптастырылды.
Ал Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованың айтуынша, республика аумағында барлығы 1806 тірек гидротехникалық құрылыс бар. Осы жылдың қаңтар айындағы жағдай бойынша 1322 ГТҚ зерттелді, 471 нысан жөндеуді талап ететіні анықталды. Қазіргі кезде 41 ГТҚ қайта жаңартылуда.
Баяндамашыларды тыңдаған Премьер-Министр «Ақтөбе және Алматы облыстарында қазірдің өзінде елді мекендердің көшелерін су басып жатқаны туралы фактілер бар. Сондықтан оңтүстік өңір әкімдіктері осы бастан су тасқынына қарсы жұмыстарды күшейтулері керек», — деп тапсырма берді.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.7%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.2%
Басқа
16.0%
барлық дауыс: 5541
дауыс мұрағаты