русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 29.01.2023

Аға буынның тәжірибесін, азаматтық ұстанымын үлгі ету - "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де өзіндік бір үрдіске айналған іс. Қалалық ардагерлер кеңесі аға-апалардың кәсіпорын жұмысымен танысуын басшылық бірден қабылдап, семинар-кеңесті осында өткізуді ұсынды. Басқосу кәсіпорын нысандарына жасалған ақпараттық тур аясында өтті.

  Анарбек Орман : Сіздердің жүрген жолдарыңыз, істеріңіз өнеге. Бізге мықты талпыныс береді. Кәсіпорнымыз 2022 жылы Президенттің «Алтын Парыз» номинациясын иеленді. Экологияға қосқан үлесіміз үшін. Бұл үлкен жұмыстың нәтижесі. Енді осы шаруашылыққа жаңа технологияларды ендіру міндеті тұр. Қолдау көрсеткен сіздерге алғысымды айтамын.

Текст: Алдымен "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС ардагерлер кеңесінің төрағасы Қошқар Нөсеров әріптестеріне ұйымның қызметі туралы айтып берді. Кәсіпорын тарапынан еңбек ардагерлеріне ерекше көңіл бөлінеді. Оларды әр мерекеде назардан тыс қалдырмай, құттцқтау жолданады, туған күніне зейнеткерлерге сыйлықтар беріледі және қолдау ретінде азық-түлік жиынтығы жеткізіледі. Қарттар күні мекемеде міндетті түрде атап өтіледі. Су арнасындағы ардагерлер бастауыш ұйымы – қаламыздағы 70-ке жуық ұйымдардың бірі. Өз кезегінде тәжірибесі мол еңбек ардагерлері өз ұйымдарындағы жақсы үрдістермен бөлісті. Жоспары ауқымды.

 Мен «Темір жол ардагерлері» бастауыш ұйымынанмын. Бізде 3000 ардагеріміз бар. Талай жұмысты істеп жатырмыз. Кітаптар шығардық. Қайрымдылық шараларын көптеп ұйымдастырамыз. Аудандарды да аралаймыз.

Текст: Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС тарапынан аға буынға көрсетілетін құрмет пен ізетке, қолдау шараларына алғысын білдірді. Бейнетінің зейнетін көріп отырған аға-апалар кәсіпорындағы жаңашылдық пен жүйелі жұмыстың жанданып жатқанына разы. Әл-Фараби аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастырған бұл семинар-кеңесінде тағы бір жаңалық жарияланды. Жыл соңында Шымкенттегі «ең үздік ардагерлер бастауыш ұйымына» қолдау ретінде 500 мың теңге жүлде тағайындалатын болды.

Ал «Су ресурстары-маркетинг» кәсіпорнының басшылығы Қалалық ардагерлер кеңесіне республикалық, жергілікті газеттердің 15 түріне жазылу ұйымдастыратынын жариЯлады. Апта сайын қалалық және аудандық ардагерлер кеңесіне 610 дана газеттер жеткізіледі. Ал Наурыз мерекесіне кәсіпорынның бас директоры Анарбек Орман қалалық ардагерлер кеңесіне аға буынды, олардың ізгілікке бағытайтын жұмысын қолдау мақсатында сыйлық жасайтынын мәлім етті.

А. Орман: Наурыз мерекесіне қалалық ардагерлер кеңесіне өз атымнан 1 млн теңге бөлемін. Баршаңызды қолдап.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары