Жаңалық - Әлем жаңалықтары
новость от 30.01.2023
Желтоқсан айында Дағыстанда 2000-нан астам итбалық мерт болған. Каспий теңізінің жағалауында табылған өлекселерден құс тұмауы немесе басқа да жұқпалы ауру белгілері табылмаған. Жануарлардан алынған сынамалар жан-жақты зерттелді."Патматериал А типті және Н5 типті тұмау вирустары, құтыру, адено-, парво-, морбили-, каприпокс - және ортопоксвирустар, SARS-CoV-2, сондай-ақ пастереллез, микоплазмоз, клостридиоз, хламидиоз және бруцеллез қоздырғыш бактериялары үшін ПТР әдісімен де тексерілді. Зерттеулер нәтижесінде эпизоотия түрінде пайда болатын және жануарлар мен құстардың өліміне әкелетін бұл аурулар болуы мүмкін деген жорамал алынып тасталды", – деп хабарлады Россельхознадзор. Бұдан алдын Түркіменстанда да теңіз жануарларының өлексесі көбейгені хабарланған-ды. Оған дейін Қазақстанда Каспий жағалауында жүздеген итбалықтың өлі денесі анықталған болатын.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.7%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.2%
Басқа
16.0%
барлық дауыс: 5541
дауыс мұрағаты