Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 31.01.2023
Үйлерді бұзу бойынша қорытынды шығарған сарапшылар - "KARAT-Z", "Techno Control" және "Ақжол" ЖШС.
Шымкент қаласы әкімі аппаратының 2021 жылғы 7 маусымдағы №460 қаулысымен "Шымкент қаласының тұрғын үй қорын жаңғырту" бағдарламасы бекітілген. Бағдарламаға Шымкенттегі 107 ескі үйлер енгізілді. Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы мен "Shymkent Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ қоғамдық тыңдаулар үшін жарияланған бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Бағдарламаның әкімшісі "Shymkent" ӘКК болып табылады. Оның міндеті-барлық кезеңдерде тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасын іске асыру шеңберінде жобаларды қолдау. "Shymkent" ӘКК бағдарлама шеңберінде жобаларды іске асыру барысында туындайтын проблемалы мәселелерді шешуге көмек көрсететін болады. Кездесу ұйымдастыру, бастапқы материалдарды жинау және ұсыну, әлеуетті инвесторларды тарту да корпорацияның міндеттесіне кіреді. Сондай-ақ, Корпорация жобаны ішінара қаржыландыруды көздейді. Бүгінгі таңда "Shymkent" ӘКК бұл жобаға бірнеше инвесторларды тартты. Бұл тек жергілікті инвесторлар емес, олардың қатарында осы бағдарламаны жүзеге асыруға мүдделі басқа өңірлерден келген инвесторлар да бар.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.6%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
19.1%
барлық дауыс: 5158
дауыс мұрағаты