Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 31.01.2023
Қаладағы көпқабатты
үйлердің тұрғындары өз баспаналарының ішкі инженерлік желілерін ойластырып, онымен
мұқият айналысатын уақыт жетті. Талай рет айтылған бұл мәселе биылғы қыста
нақты шешім қабылдап, іске кірісу керектігін көрсетті. Әр үйдің ішкі жүйесін
күн жылыда суыққа дайындап, реттеу керек. Көпқабатты тұрғын үйлердің
көпшілігінде қаңтар айындағы суықта су құбырлары қатып қалып, тұрғындар
әбігерге түсті. Ал суықта тіршілік көзінсіз қалудың азабы айтпаса да түсінікті.
Мысалы, Әйбергенов көшесіндегі №1б үйде дәл осындай жағдай орын алды.
"Біз қолымыздан келгенше тұрғындарға мына кіреберістегі
сынған терезелерді жауып, көмектестік. Жалпы, қалада осындай жүзден астам үйде
күрделі жағдай болды. Уәлиханов көшесіндегі үйлердің жәйін көрдіңіздер. Көп
үйлерде жертөле қараусыз қалып кеткен. Ал ішкі жүйені реттейтін құрылғы,
винтельдер сол жерде орналасқан. Соларды орап, жылыту маусымына дайындамағанның
кесірінен тұтынушылардың өзі зардап шекті».
Мақсат Батырханов пайдалану учаскесінің бастығы
Екі қабатты
көппәтерлі үйлердің жәйі де кеуіл көншітпейді. Олардың кейбіреулерінде су құбырларының
желісі шатырда орналасқан, ондағы жағдай, тіпті, мүшкіл. Ал, Әлімқұлов
көшесіндегі үйде авариялық бригада аязды күндері ұзақ уақыт жұмыс істеуге мәжбүр
болды. Бұл үй қысқа мүлдем дайындалмаған.
" Әлімқұлов көшесі №1 үйде судың жоқтығы туралы
өтінім 13 қаңтар күні таңертең ОДҚ-ға келіп түсті. Тексеру кезінде үй ішіндегі
су құбыры толығымен қатып қалғаны анықталды. Таңқалатын ештеңе жоқ, бұл үйде не
есік,не терезелер жоқ, соның салдарынан құбырлар аязда қатып қалған".
Ержан Жанысбаев Әл-Фараби аудандық су арнасының бастығы
Шымкентте қыстың
өзі жылы болатынына үйреніп қалған қалалықтар биылғы аязды естен шығармастай
болды ау. Әсіресе, Гастелло көшесіндегі үй тұрғындары. Мұндағы екі қабатты
үйлердің барлығында құбырлар қатып қалып, көпшілік суықта әбден әбіржіді. Үйлері
қысқа дайын емес, «қыс қамын жаз ойла» дегенді ешбірі қаперіне алмай, есесіне
суықта зардабын тартты.
"Біз енді келесі қысқа дайындаламыз. Биыл мұндай болатынын ешкім
күткен жоқ, аязға үйренбегенбіз ғой. Біздің де және көрші үйлердің бәрі қатып
қалды, Жігіттерге рахмет, келіп, бәрін бір күнде бітіріп берді! Жарайсыздар!"
Денис Зиборов Гастелло
көшесінің тұрғыны
Бұдан шығатын
қорытынды: көп қабатты үйлерде өзін-өзі басқару органдарын құрып, жұмысты жүйелемейінше,
жағдай күрделене береді. Тек осылай ғана үйлердің ішкі жүйесін қысқы суыққа,
жылыту маусымына тыңғылықты дайындап, тұрғындар өз үйін, оның инженерлік
желілерін бақылай алады. Сонда суықта да, ыстық та да қиналмайды.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты