Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 01.02.2023
Кері байланыстың
негізгі тақырыбы - қаңтар айындағы суықта шымкенттіктердің су құбырларының қатып қалуы, желілерді реттеу
турасында еді. Ауа
температурасының күрт төмендеуі тұрғындар үшін нағыз сынақ болғаны рас. Көп
үйлердің ішкі жүйесі аязға мүлдем дайын болмай шықты. Тікелей эфирде Бекжан
Пердебайұлы кәсіпорынның қыс маусымына дайындығы туралы, ұжымның аязды күндері
қалай жұмыс істегенін баяндады. Үй ішіндегі қатқан құбырларды жібітіп, кейбірін
алмастырған жұмысшылар тәулік бойы жұмыс істеді. Мекемеде қосымша бригадалар
құрылды. Сонымен қатар, Бекжан Ешімбетов, заң
бойынша көпқабатты үйлерде ішкі желілер тұрғындардың меншігінде екенін тағы
бір еске салды. Өкінішке қарай, үйлердің дерлігінде өзін-өзі басқару органдары
туралы сөз де қозғалмаған. Яғни, үйде еге жоқ деген сөз. Әркім өз пәтерін ғана
біледі. Соның салдарынан, жертөлелер мен кіреберістер қараусыз күйде, тозып
кеткен. Олар жылыту маусымына дайындалмаған, соның кесірінен ішкі тораптарға
мұз қатқан. Қалпына келтіру оңай болған жоқ.
Тікелей эфир
барысында "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС Бас директорының орынбасары көрермендердің
сұрақтарына да жауап берді. Егер сізде кәсіпорын қызметіне қатысты сұрақтар
болса, біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымыз арқылы қоя аласыз немесе whatsapp-қа жазбаша қалдыруыңызға да
болады: +7-705-758-11-11.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты