русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Аймақ жаңалықтары

новость от 01.02.2023

 Сала өкілдерінің мәліметінше, өңір басшысы Дархан Сатыбалды жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдеріне осы бағыттағы тірлікті жүйелеп, бірінші кезекте ауыз су мәселесіне қатысты жұмыстарды жеделдетуді тапсырды.
Жол карталары мен жоспарлар тағы да нақтыланып, елді мекендерді 100 пайыз ауыз сумен қамту жұмысын 2025 жылы толық аяқтауымыз керек, – деді Дархан Сатыбалды. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сәкен Далиевтің айтуынша, биыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша Түркістан облысындағы 831 елді мекеннің 719-ы (7 қала, 712 ауылдық елді мекен) немесе 86,5%-ы ауыз сумен қамтамасыз етілген.
2023 жылы 57 нысанның құрылыс жұмыстары бюджет есебінен жүргізіледі. Соның ішінде 43 нысанның құрылысы биыл аяқталады. Қалған 14 нысан 2024 жылы тапсырылмақ. Нәтижесінде су құбыры жоқ 17 елді мекен (Бәйдібек – 1, Сарыағаш – 6, Келес – 4, Қазығұрт –1, Ордабасы – 4, Отырар – 1) ауыз сумен қамтамасыз етіледі, 11 елді мекеннің (Бәйдібек – 2, Қазығұрт – 1, Төлеби – 4, Мақтаарал – 1, Ордабасы – 1, Түлкібас – 2) тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылады. Сонымен қатар, 16 нысанның жобалық-сметалық құжаты әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды.
«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары