русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 02.02.2023

"Су-ресурстары-Маркетинг" ЖШС көктемгі су тасқынының алдын алуға кіріскен. Кәріз желілері бойынша қызмет көрсету бөлімі күрделі деген аймақтарды, үлкен диаметрлі коллекторлардың жарамдылығын, өткізу деңгейін үнемі тексеріп отырады. Шайынды судың, ассенизаторлық машиналар ағызатын сарқынды су деңгейі тазарту қондырғыларының жанында арнайы орнатылған камералар арқылы бақыланады. 2021 жылы мұндағы диаметрі 1400 миллиметрлік коллектор өткізу қабілеті артығырақ 2000 миллиметрлігіне ауыстырылған.

 "Қала аумағы жылдан-жылға ұлғайып келеді, ағынды су көлемі де соғұрлым арта түседі, сондықтан ескі коллекторлар бұрынғыдай шыдас бермейді. Әсіресе көктемде және күздігүні жауын-шышын көбейіп, су деңгейі көтерілетін кезде қиын. Сондықтан инвестициялық бағдарлама аясында ескі коллекторларды ауыстыруды қолға алып отырмыз. Бұл келешекте апатты жағдайларды болдырмау үшін жасалып отырған жұмыс",-дейді "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС Бас директорының Экономика және маркетинг жөніндегі орынбасары Жанатбек Тұрдалиев.

Жанатбек Тұрдалиев "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС Бас директорының Экономика және маркетинг жөніндегі орынбасары

Осы жолы Самал-3 шағынауданында салынған коллектор да тексерілді. Жеке үйлерде суару жүйесі, ирригация қаралмаған, жаңбыр мен еріген қар суы су осы кәріз жүйесіне құйылады. Содан келіп, желіде де, тазарту қондырғыларында да су деңгейі көтеріледі.

 "Қазіргі уақытта біздің қызметкерлер кәріз желілеріндегі проблемалық учаскелерді тексеруде. Жауын-шашын көп болады, көктемде коллекторларға жаңбыр суы түседі, біз жағдайды бақылауда ұстауымыз керек".

Мұрат Әлменов «СРМ» ЖШС кәріз жүйесіне қызмет көрсету бөлімінің басшысы.

Кәсіпорын басшылығы көктемгі-күзгі маусымда кәріз желілерінің дұрыс жұмыс істеуі үшін барын салуда. Биыл үлкен диаметрлі екі кәріз коллекторын орналастыру бойынша ауқымды жұмыстар жоспарланып отыр.

 "Самал-3" шағынауданында біздің коллектор диаметрі 1000 миллиметр, ағындардың ұлғаюына байланысты төтеп бере алмайды. Сондықтан біз оны үлкен диаметрге ауыстырамыз-2000 миллиметр. Өткен жылы біз диаметрі 2 метрге дейін ұлғайта отырып, тазарту құрылыстарының жанындағы коллекторды ауыстырдық. Биыл біз құрылысты бастаймыз, шамамен 3 шақырым өзгеріп, жобаны 2023 жылға дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз".

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС Бас директоры Анарбек Орман

Осы ретте, тұтынушыларды жауапкерлшілік танытуға шақырамыз. Кәріз жүйесінде апатты болдырмау үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды, гигиеналық заттарды және басқа қоқысты кәрізге тастамаңыздар! Желі бітелсе, бәріміз зардап шегеміз.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары