Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 05.02.2023
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС заң
бөлімінің мамандары су құбыры және кәріз желілері орналасқан жерлерде санитарлы-қорғау
жолағының бұзылуы бойынша
жұмысты жалғастырып жатыр.
"Санитарлы-қорғау белдеулерін бастапқы күйіне
келтіру жұмыстарын
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС заң бөлімі тұрақты негізде бақылауда ұстайды. Қазіргі таңда Шымкентте СҚ аймағына енген 2500 - дей нысан бар, олардың біразына қатысты құжаттар қарастырылып,
сотқа дейінгі және сот кезіндегі рәсімдері
жүргізіліп жатыр",
- кәсіпорынның заң бөлімі бастығының орынбасары Дінмұхаммед Оңғар осылай түсіндірді.
Мұндай дауларды
болдырмау үшін тұрғын үй немесе
кәсіпкерлік нысандарының
құрылысын бастамас бұрын сол аумақта су немесе кәріз жүйесі бар-жоғын анықтап алған дұрыс. Ол
туралы сенімді ақпарат алу керек болса,"Су ресурстары-Маркетинг"
ЖШС-не жүгінуге болады. Мамандар барлығын анықтап, түсіндіріп беруге дайын.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты