Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 06.02.2023
Қаладағы неркәсіп
аймағындағы орталық
коллекторға
"Ордабасы" индустриялды
аймағынан ағылатын
сарқынды су көлемін
бақылайтын шығын өлшегіш
орнатылған. Бұл жабдықта таратқыш құрылғы да бар, барлық мәліметтер кәсіпорынның
автоматты басқару жүйесі
базасына тікелей түседі. Шығын өлшегіштің тиімділігі мен сапасы жоғары, сондықтан көрсеткішті дәл береді және бітеліп қалмайтынына кепілдік бар.
"Бұл модель бүгінгі таңда қысымы төмен құбырлардағы, арықтар мен арналардағы судың деңгейін, шығынын өлшейтін бірегей модель деуге болады. Ол су арнасы желісіне өндіріс аумағынан
келетін кәріз суының көлемін
анықтап, реттеу үшін
орнатылған",-дейді
«Альфа-Инвест» ЖШС директоры Виталий Махортов.
Құрылғыны орнатқан
компанияның мәліметі бойынша, шығын өлшегіштің қызмет ету мерзімі – 12 жыл.
Құрылғыға кез-келген көлемдегі
құбырларда жоғары дәлдікпен кәріз ағындарын есепке алуға мүмкіндік беретін
барлық қажетті бағдарламалар енгізілген.
Ондағы деректерді сағат сайын оқуға болады.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты