Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 07.02.2023
Дендропарктің ауданы 117 гектарды құрайды, онда ағаштардың 140 түрі бар. Соңғы санақтар бойынша, егілген үлкенді-кішілі ағштар мен бұталар саны - 99 мың. Бірақ ағаштардың біразы кеуіп қалған, сондықтан оларды кесіп тастауға тура келеді.
Шымкент қаласы жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ержан Жолдасов дендропаркті сумен қамту, суару жұмыстары 2 кезеңде жүргізілетінін айтты. Бірінші кезеңде тамшылатып суару жүйесіне тіршілік көзі БMK каналынан тартылады. Ал 2-ші кезеңде ағаштарды суаруға алты жерасты ұңғымасы пайдаланылады. Қазіргі кезде сараптама жүргізуге дайындық басьалды. Оған конкурс жарияланған.







