Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 07.02.2023
2023 жылғы 7 ақпан күні ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды
реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті тұтынушыларды онлайн қабылдады. Ол дегеніміз, қала тұрғындары Департаменттің Facebook
әлеуметтік желісіндегі аккаунтында коммуналды салаға қатысты сұрақтарын қойды.
Қабылдауға
коммуналды қызмет көрсетушілер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты, қабылдауды
Департаменттің монополиялар мен бағаларды реттеу бөлімінің басшысы Айгүл
Шолпанова жүргізді.
Қоғамдық қабылдауда
бұл жолы да коммуналды қызметтерге қатысты бірнеше өзекті тұстарға, оның ішінде
пайдалану, есептеу және төлеу мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-інің мамандарына сұрақтар болмады,
шағым-өтініш түскен жоқ.
Егер "Су ресурстары-Маркетинг"
ЖШС қызметіне қатысты сұрақтар туындаса, кәсіпорынның Facebook және Instagram
әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарына хабарласуыңызға болады, сондай-ақ
Whatsapp-қа: +77057581111 нөміріне жаза аласыз.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты