Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 08.02.2023
Ақжар шағынауданында 23 мың адам тұрады. Бүгінде шамамен 8-10 мың тұтынушы сусыз отыр. Магистральдан үйлерге өтетін таратқыш құбырлар қатып қалған. Мамандар құбырға заңсыз «кіріп алғаннан» деп жауап берген. Тұрғындар сантехниктерді жалдап, өз қаражатына жөндеуге де тырысқан екен. Ол жұмыстар орта есеппен 100 мың теңгені құрайды. Негізі, бұл жағдай шағынауданда бірінші рет болып отырған жоқ, жылда қайталанады, мәселе шешілмей келеді. Қазір тұрғындар суды сатып алып ішіп отыр. Су таситын көліктермен әкелінген суды баклажкаларға, шелектерге, кәстрөлдерге жинап алады. Ал жазда коттедждердің тұрғындары суды үлкен контейнерлерге жинайды. Текше метрі кем дегенде екі мың теңге тұрады. Шын мәнінде, қатып қалған құбырларды тұтынушылар кезінде өз есебінен тартқызған, оның өзі небәрі 50 см тереңдікте жатыр.


дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
39.6%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.7%
Жолым түскенде төлеймін
19.8%
Төлемегеніме көп уақыт болды
19.5%
барлық дауыс: 5370
дауыс мұрағаты