Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 08.02.2023
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ғалидулла Азидуллин республикадағы су тасқыны алдындағы гидрометеорологиялық жағдай және биылғы су тасқыны кезеңінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. «Бүгінгі таңда ірі су қоймаларында жинақталған су көлемі 60-75% құрайды. Ағын көлемі норма шегінде күтілуде және барлық су қоймаларында тасқын суды қабылдауға арналған бос сыйымдылықтар бар»,-деп атап өтті вице-министр. Министрліктің тұрақты бақылауында Сырдария өзені бассейні мен Шардара су қоймасындағы су шаруашылығы жағдайы тұр. Бүгінде Шардара су қоймасының көлемі 4676 млн.м3, Көксарай қарсы реттегішінің көлемі - 1438 млн. м3 құрайды. Су қоймасына ағын 1101 м3/сек, Сырдария өзенінің төменгі ағысына ағызу 900 м3/сек, Көксарай контррегуляторының су тартуы – 350 м3/сек, Сырдария өзенінің төменгі ағысына ағызу – 550 м3/сек құрайды. Шардара су қоймасының бос сыйымдылығы 524 млн.м3, Көксарай контррегуляторы – 362 млн. м3 құрайды. Жалпы бос сыйымдылығы-886 млн. м3. Қазіргі уақытта қауіпсіздікті және үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін Қызылорда, Әйтек, Қазалы және Ақлақ су тораптары пайдалану қағидаларына сәйкес транзиттік режимге ауыстырылды.







