Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 09.02.2023
«Су
ресурстары-маркетинг» ЖШС-гіне қонаққа бұл жолы қаладағы бірнеше мектептердің
химия, биология пәнінің мұғалімдері келді. 25 жылдық тарихы бар кәсіпорынның
өткені мен бүгінгі дамуынан толымды мағлұматтарға қанықты. Кәсіпорынның ссыдан
бес жыл бұрын ашылған мұражайда 1951 жылы сол уақыттағы облыс орталығы болған
Шымкентте Су арнасын құру жөніндегі бұйрық құжатынан бастап, алғашқы құбырлар,
насостар мен басқа да жабдықтар, расында көпшілікке қызық. Бүгінде миллионнан
астам халқы бар қала халқын таза, дәмді сумен қамту ісі - жәй ғана суды тартып
бере салатын тірлік еместігіне ұстаздардың көзі жетті.
СНХ 8136 0.40 до 1.20 про скважины
Гүлжан Жауылбаева «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС-нің
зертхана меңгерушісі
Химия, биология
пәндерінің ұстаздары су құрамы мен оны зарарсыздандыруға қатысты сауалдарына
жауап алды. Және осы тақырыптар бойынша жоғары сынып оқушыларының ғылыми
жұмысын кәсіпорын негізінде практикалық дәрістермен, зертханалық сабақтармен
толықтыру жөнінде ұсыныс жасады. Бұл бағытта «Дарын» мектеп-лицейінің
тәжірибесі бар. Сондықтан, аталған жұмыстар жалғасын табады.
Мұғалімдер шайынды
суды тазарту кешенінің жұмысына қатысты да мәліметтер алды. Биогаз өндіру,
өзін-өзі қажетті электр энергиясымен қамту сияқты маңызды жүйенің қалай іске асатынымен
мұражайдағы макеттер арқылы танысты. Кездесуде тұтынылған су мен сарқынды су
бойынша қызмет көрсету тарифінің жәйі де сөз болды.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты