Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 12.02.2023
Қазақстандықтар
жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Түркияға көмек ретінде 600 мың доллардан
астам қаржы жинады. Қайырымдылықтың жалпы сомасы 1 миллион 819 мың доллар
болды. Қазақстан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының (IOS)
қолдауымен жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмегін
жеткізді. Біздің ел, негізінен мемлекеттік резервтен бөлінген азық-түлік, жылы
киімдер, шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтарын жіберді.
Табиғат апатынан
зардап шеккен түрік ағайындарға көмек қолын созудан «Су ресурстары-Маркетинг»
ЖШС де шет қалған жоқ. Кәсіпорын ұжымы бірауыздан қаржылай қолдау көрсетуді
ұйғарды.
Анарбек
Орман «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС Бас
директоры
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты