Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 15.02.2023
"Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС Бас директорының орынбасарлары Абзал
Зейнетаев, Бекжан Ешимбетов , Султан Анарбек 15 ақпан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховпен
кездесті. Жиынға арқау болған мәселе – қала тұрғындарын сумен қамту, жүйені жабдықтау
мен су бұру-кәрізге қатысты болды.
Негізгі
мәселелердің бірі - абоненттерді бюджет қаражаты есебінен салынған кәріз
желілеріне қосуды жеделдету. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС Бас
директорының орынбасары Абзал Зейнетаевтың айтуынша, бұл инженерлік
коммуникация Самал-1, Самал-2, Қайтпас-1, Қайтпас-2, Ақжайық, солтүстік-батыс
және Оңтустік тұрғын алаптарында жүргізіледі.
Бірінші міндет - 18
мың абонентті кәріз жүйесіне қосу болып отыр. Жаңа тұтынушыларды дренаж
жүйесіне қосуды жеделдету және жеңілдету үшін екі тараптан да бірқатар нақты
ұсыныстар жасалды. Бұл осы аумақтардағы тұрғындарының игілігі және коммуникация
қызметін пайдалануы үшін жасалмақ. Оған қоса, Шымкент экологиясын жақсартуға да
тиімді қадам болатыны анық.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты