Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 16.02.2023
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС Бас
директорының орынбасары Абзал Зейнетаев кәсіпорынның Күрделі құрылыс және Өндірістік-техникалық бөлім
қызметкерлерімен кеңес өткізді. Онда
бекітілген инвестициялық
бағдарлама шеңберінде 2023 жылға арналған су құбыры және кәріз желілерін қайта
құру және жаңарту
жұмыстары талқыланды.
Кеңес барысында бөлім басшыларына жер жұмыстарын кесте бойынша сапалы жүргізіп, 2023 жылдың қыркүйегіне дейін аяқтау тапсырылды. Күзде қала тұрғындары
қиындықтарға
тап болмас үшін,
сумен жабдықтау және су бұру желілерін
қайта құру, жаңарту
жұмыстары барысында
жаяу жүргіншілер мен көлік иелері үшін қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі ескертілді.
Ең алдын аудан, тіпті көше тұрғындарын алдағы жөндеу жұмыстарынан хабардар
етіп, ескерту қажет.
Сумен жабдықтау
және су бұру желілерін қайта құру, ауыстыру жұмыстарының жүргізілуіне
байланысты мәселелер туындаған жағдайда кәсіпорынның әлеуметтік желілердегі
аккаунттарына немесе whatsapp: +77057581111-не жазуға болады. Сондай-ақ, осы
мәселелер бойынша телефон арқылы хабарласа аласыздар: +77017073000; +77011667166;
+77474227923.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты