Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 21.02.2023
«Су
ресурстары-маркетинг» ЖШС-інде «Кәсіпорын болашағы» конкурсы екінші жыл
ұйымдастырылып отыр. Кәсіпорын мамандарына кәсіби деңгейін көтеріп, біліктігін
арттыруға мүмкіндік беретін бұл конкурс екі кезеңнен тұрады. Біріншісі –
тестілеу. Екіншісі – мамандық бойынша ауызша сұрақ-жауап және аранайы құрылатын
комиссия мүшелерімен әңгімелесу. Алғашқысына 30-дан астам адам қатысты. Олар 40
минутта 40 сұрақтың жауабын тест парағында белгілеуі тиіс болатын.
Жасұлан Мақұлбек
Мұхамедәлі
Ерназаров
Нұржан Әкімов
Бірінші кезеңнен
іріктелген қатысушылар наурыз айында өтетін екінші кезеңде бағын сынайды. Тест
сұрақтарын «Смарт-маман» оқу орталығы оқытушылары жинақтаған. Аталған орталықта
кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің қызметкерлері жыл бойы арнайы кесте бойынша
біліктігін арттырады. Жалпы, «Кәсіпорын болашағы» конкурсы өңір тұрғындарын
сумен қамту, кәріз жүйелері бойынша қызмет көрсетуді кәсіби деңгейде жүргізетін
азаматтарды анықтап береді.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты