Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 22.02.2023
Шымкент
кәріз-тазарту құрылғыларының кешеніне неміс компаниясының өкілі Радик Баширов арнайы
келді. Бірінші кезекте ол биогазды өндіру барысымен танысты. Неміс компаниясының өкілдігі Қазақстандық "Тұрақты
даму орталығы" қауымдастығымен байланыста жұмыс істейді. Бұл ұйымнан
мамандар Шымкенттегі тазарту құрылғыларының жаңғыртылған және рентабельді
кешені туралы толық мағлұмат алған. Бұл - Орталық Азиядағы бірегей қондырғы. Кәсіпорынның
осы бағыттағы тәжірибесін меңгеру, зерттеу үшін Баширов мырза "Су
ресурстары-Маркетинг"ЖШС-не келді.
Радик Баширов неміс
компаниясының өкілі
"Тазарту құрылғыларының
жұмысымен, оның ішінде биогаз өндіру процесімен танысуға мүмкіндік бергеніңіз
үшін рахмет - өте қызықты болды. Көңілім толды. Мен Еуропада да, Ресейде де
тазарту қондырғыларының жұмысын көрдім, сіздерде бәрі жоғары деңгейде екеніне
көзім жетті. Жабдықтар жаңа, жұмыс жүйелі. Тот баспайтын болаттан жасалған
жабдықтардың бары да өте ұнады").
Радик Баширов сондай-ақ,
кешенде, оның ішінде биогаз қондырғысында жұмыс істейтін қызметкерлердің
біліктігін атап өтті. Vogelsang концерні тазарту құрылғыларына, жалпы кәріз
жүйелері және биогаз қондырғысына арналған жабдықтарды шығарады. Неміс
компаниясы "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС басшылығына бірқатар
ұсыныстарын жеткізді. Олар жіті қарастырылады.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты