Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 23.02.2023
"Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС сумен қамту және кәріз жүйелеріне қызмет көрсету
бойынша тұтынушылармен кері байланыс орнатуға дайын және оған мұқият қарайды.
Оның бір тәсілі - кәсіпорын мамандары ай сайын қызмет көрсету деңгейі, сапасы және
абонентке қатысты басқа да сұрақтарға тікелей эфирде жауап береді. 20 ақпан
күні "Отырар" телеарнасының
тікелей эфирінде "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС заң бөлімінің жетекші
маманы Дінмұхаммед Оңғар сұқбат берді.
Тікелей эфирде
көтерілген өзекті тақырыптардың бірі - инженерлік коммуникациялар мен желілер
бойындағы санитарлық-қорғау белдеуін (СҚБ) бұзу. Тұрғын үй немесе басқа да
ғимараттарды салу кезінде СҚБ бұзуға жол беретіндер аз емес. Мұндай істер
бойынша құжаттар сотқа өткізіледі. Мұндай жағдайға жеткізбеу үшін не істеу
керек, нені ескерген дұрыс? Заңгер осы тұстарды тарқатып айтып берді.
Сондай-ақ, тікелей
эфирде сумен қамту және кәріз жүйесі бойынша қызмет көрсетуші мен тұтынушы
арасындағы қарым-қатынас, құбырлар мен желілердегі екі тарапқа тиесілік
шекарасы қай жерден басталатыны, есептегіш құралдардың істен шығуы, оны
тексерту және түбіртектердегі сәйкессіздік туралы қойылған сұрақтарға жауап
берілді.
"Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС заң бөлімінің жетекші маманы, басшы орынбасары
Дінмұхаммед Оңғардың сұқбатының толық нұсқасын "Отырар" ТА-ның
YouTube-каналынан көре аласыздар. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС
қызметіне қатысты сұрақтарыңыз туындаған жағдайда сіз әлеуметтік желілерге және
whatsapp арқылы жаза аласыз: +77057581111..
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты