Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 26.02.2023
Кәріз-тазарту құрылғылары кешенін кеңейтудің басты мақсаты – оның қуаттылығын арттыру. Бұл ауқымды жұмыс, сөзсіз,
жаңа технологияны енгізу негізінде іске асады . Сараптамалық тәсілді талап
ететін күрделі жұмыс. Жаңа жабдықтар, агрегаттарды жеткізу және кешенде
қолданылатын технологияларды жетілдіру мәселелерін қарастырып, талдау үшін
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-не польшалық "EKO-KONSULTING"
компаниясының өкілі Кшиштоф Городецкий арнайы келді.
Кшиштоф Городецкий "EKO-KONSULTING"
компаниясының өкілі
("Дренаждың
сапасы да саны
да өзгереді.
Қазір заманауи жабдықтар көп. Сондықтан, бір жағынан, біз осы қолданыстағы
технологиялық тізбекті жетілдірсек дейміз, ал екінші жағынан, тазарту
қондырғыларының қуатын тәулігіне 200 мың текше метрге дейін арттыру жоспарланып
отырғандықтан, төртінші кезекті қосуымыз қажет. Бұл дегеніміз - жеке желі
ретінде емес, қазіргі қуатымен бір алгоритмде жұмыс істейміз. Дәл қазір осы
мәселені талқылап жатырмыз").
Польша компаниясы
12 жыл бұрын Шымкенттің дәл осы тазарту құрылғылар кешенін жаңартуға қатысқан
болатын. Қазіргі таңда оның жұмысын бақылап отырады. Яғни, қандай да бір
ақаулар туындай қалса, поляк сарапшылары Шымкент кәсіпорнына онлайн режимде
технологиялық қолдау көрсетеді. Өз кезегінде, "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС мамандары кез келген уақытта шетелдік кеңесшілерге
жүгініп, кеңес алып отырады.
("Құрылғыларды
пайдалану кезінде ағынды суды өңдеу, шөгіндіні өңдеу бойынша сұрақтар көп туындайды.
Біз ол мәселелерді бірге талқылаймыз, тиісті шешімін бірлесіп табамыз. Өзара
алмасқан көпжылдық тәжірибені ұтымды пайдаланатымыз ұнайды маған. Тәжірибемізді
басқа да тазарту қондырғыларында қолдануға болады).
Сонымен, тазарту
қондырғылары кешенінің қуаттылығы артқан соң, тәулігіне 200 мың текше метр
кәріз суын қайта өңдеуге мүмкіндік туады. Қазір кешен аумағында жер дайындау
жұмыстары жүргізіліп жатыр.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты