Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 27.02.2023
Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына арнаған Жолдауында
еліміздегі инженерлік коммуникация желілерінің тозығы жеткен күйіне қатысты
мәселелерді атап, алдағы жылдары ескірген желіні 15 пайызға дейін төмендетуді
міндеттеді.
"Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС өз еншісіндегі су құбыры және кәріз желілерінің
тозығын жаңартып, ескісінің көлемін азайту және алдағы уақытта толық жаңарту
үшін жыл сайын тариф сметасы шеңберінде
инвестиция құйып отырады. Орта есеппен, жыл сайын ұзындығы 25-30 км су құбыры 10
шақырым кәріз желілерін қайта құру - реконструкциялау бойынша жұмыс істелуде. Қазіргі
уақытта кәсіпорынның су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы - 1929,9 км болса,
соның 47% -ы ескірген. Кәріз желілерінің жалпы ұзындығы 463,14 км, 77% -ының
тозығы жетіп тұр. Кәсіпорын мамандарының есебінше, Президент Жолдауындағы «2029
жылға дейін ескірген желілерді 15% - ға төмендету» тапсырмасын іске асыру үшін
Шымкент қаласында 331 шақырым су құбыры мен 75,6 шақырым кәріз жүйесін жаңарту
қажет. Кәсіпорын әкімшілігі нақтылағанындай, мұндай ауқымды жұмысты қосымша
инвестиция тартпай жүргізу мүмкін емес.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты