русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 01.03.2023

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің басшылығы барша Шымкенттіктерді көктемнің алғашқы күні аталып өтетін Алғыс айту күнімен құттықтайды. Қала халқын таза ауыз сумен қамтып, шайынды су тазартумен айналысатын мекеме Үшінші Мегаполс тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуде және бұл жұмысын жерлестерінің әлеуметтік әлеуетін арттырып, экономикалық тұрғыда қолдау мақсатында жалғастыра береді. Кәсіпорынға сенім білдіріп отырған әр отбасына, тұтынушыларға, мекеме, кәсіпорын ұжымдарына, бірлесіп жұмыс істеп отырған үй, көше төрағалары мен учаскелердің жетекшілеріне, көпқабатты тұрғын үйлерде өзін-өзі басқару жүйесін қолдаушыларға қалтқысыз еңбегі, бірлескен жұмысы үшін, Шымкент қаласы әкімдігіне өзара байланыста жұмысты жүйелеудегі серіктестігі үшін Алғыс білдіреді. Бүгінгі таңда «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС Шымкент қаласы мен іргелес жатқан елдімекендерде, тұрғын алабтарында тұратын миллионнан астам тұрғындарға және ондаған кәсіпорын-мекемелерге, заңды тұлғаларға қызмет көрсетеді. 1000-нан астам қызметкері, түрлі санаттағы мамандары бар бірден-бір табысты кәсіпорын республика, тіпті, ТМД елдері арасында сумен қамту және сарқынды суды тазарту кешенінің жұмысын жолға қоюда алдыңғы қатарда. Осындай жетістікке қол жеткізуде жұмысты жолға қойған басшылық ұжымдағы білікті мамандарға, тәулік бойы үздіксіз еңбек етіп, тұтынушыларды сапалы ауыз сумен қамтып, кәріз жүйелері бойынша қызмет көрсеткені үшін Алғысын білдіреді. 

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары