Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 28.02.2023
Биыл қыста қар қалың түскенімен қоса, жердің тоңы да қалың дейді экология министрлігі. Кей өңірлерде толассыз жаңбыр жауса, оның арты тасқынға айналуы мүмкін. Ал қызыл су кіндіктен келмес үшін төтенше жағдайлар министрлігі қандай қарекет етпек? Аймақтар табиғат апатының алдын алу үшін не істеп жатыр? Осыдан бір ай бұрын ғана Әлихан Смайылов Министрлер кабинетін жинап, қар ерісе қайтеміз деп сұраған. Көктемге бір күн қалғанда премьер-министр осы мәселеге жауаптыларды қайта шақырды. Қаңтардағы жиында Юрий Ильин: «қауіп бар, бірақ оған арықтар да, әкімдер де дайын емес» деген еді. Бүгін де төтенше жағдайлар министрі тағы да әркім өз жұмысын істеуі керектігін нақтылады.
ҚР Төтенше жағдайлар министрі: - «Әркім өз жұмысын істеуі керек. Әрине, төтенше жағдай бола қалғанда біз әрдайым көмектесуге әзірміз. Бірақ былай келісейік. Алдымен коммуналдық қызмет арықтарды, су арналарын қоқыстан тазарту керек. Себебі бұл әскерилер немесе өрт сөндірушілердің міндеті емес. Тасқынға қарсы күрес жұмыстарын дұрыс атқармай отырған әкімдерге 179 ескерту берілген».
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.7%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.2%
Басқа
16.0%
барлық дауыс: 5542
дауыс мұрағаты