Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 01.03.2023
Шымкентте
ауыз суды краннан алып тұтына беруге болады. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС
мамандары оған кепілдік
береді. Себебі, дәмі тұщы, ең бастысы, барлық гигиеналық және санитарлық
нормаларға сәйкес келеді. Алайда, сол тіршілік нәрінің біздерге қалай
жеткізілетінін көпшілік біле бермейді. Оған мән де бермейді. Біздің су 100
метрге дейінгі тереңдіктен тартылады. Ақбай-Қарасу су қабылдағышына жиналып, ұзын магистральдық су құбырымен (25 км) өтеді.
Тасымалдау барысында арнайы станцияда зарарсыздандырылады.
Жалпы, суды дезинфекциялау
- сапалы және қауіпсіз өнім ретінде қала тұрғындарына жеткізілуді қамтитын автоматтандырылған
процесс. Ақбай-Қарасу су қабылдағышынан келетін суды зарарсыздандыру станциясында
"Grundfos" автоматты қондырғысы орнатылған. Бұл құрылғыны Дат және
неміс инженерлері бірлесіп шығарған. Ол өте сапалы, өнімділігі жоғары және қауіпсіздігімен
ерекшеленеді. Станция операторы аспаптардың көрсеткішін қадағалап, су жиналатын
арнайы ыдысқа қажетті мөлшерде таблеткаланған тұзды белгіленген уақытында қосады.
Мұнан соң тұзды ерітінді электролиз қондырғысына түседі, сол дайын өнім –
Натрий гипохлориді 5 тонналық резервуарларға жіберіледі. Сол жерден автоматтандырылған
жүйемен гипохлорид құбырға енеді.
Ақбай-Қарасу су қабылдағышы сағатына шамамен 10 мың текше метр су өндіреді,
қондырғы бұл көлемді еркін өткізіп отыруға қауқарлы.
Шымкенттіктер
тұтынатын ауыз су қауіпсіздігін қадағалау мұнымен шектелмейді. "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС зертханасының қызметкерлері су сапасын бақылау,
тексерумен күнделікті айналысады. Сынамалар
арнайы бекітілген бақылау нүктелерінен алынады, сөйтіп, мамандар ондаған
ингредиенттерге қатысты зерттеу жүргізеді.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты