Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 02.03.2023
Бүгінгі таңда еліміздегі сумен жабдықтау қызметі бойынша қолжетімділік 96 пайызды құрайды екен. Бұл көрсеткіште Шымкент қаласының үлесі басым деуге болады. Себебі, үшінші Мегаполис халқының дерлігі ауыз сумен қамтылған. Кәріз жүйесін жақсартуға қатысты айтарлықтай ауқымды жұмыстар қолға алынған. Екінші орында Ақтөбе облысы. Аймақта 2022 жылы ауылдарды сумен қамтуға бюджеттен 5,5 млрд теңге бөлініпті. Сонымен қатар, өңірде қолда бар су қабылдағыштарды реконструкциялау, сондай-ақ жаңа кәріз-тазарту станциясын салу мәселесі өзекті болып отыр. Бұл жобаларды 2024 жылы республикалық бюджеттен қаржыландыру негізінде бастау жоспарлануда. Ол іске асса, Ақтөбе тағы 40 жылға ауыз сумен тұрақты қамтылмақ.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
41.0%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.8%
барлық дауыс: 5072
дауыс мұрағаты