русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 05.03.2023

Ағынды суды қайта өңдеу – бірнеше кезеңнен тұратын жоғары технологиялық процесс. Қазіргі таңда Шымкенттегі кәріз-тазарту құрылғылар кешенінің қуаттылығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл өз кезегінде технологиялық тізбекті жаңартуға бағытталған. Ауқымды жұмыс "Су ресурстары-Маркетинг"ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы аясында іске асады.

Бұлан Тұрлыбеков

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС күрделі құрылыс бөлімінің бастығы

"2023 жылы қалалық кәріз тазарту құрылғыларын кеңейту жұмыстары басталды. Тиісінше, биогаз өндірісі де ұлғаяды және күкіртті тазарту станциясн жаңалау қажет. Қазіргі уақытта мұндағй құрылыс жұмыстарын "АртСтрой компаниясы" ЖШС жүргізуде".

 Кәрізді өңдеу, тазарту құрылысы кешенінің мамандары алдын-ала есептеулер жүргізіп, сарқынды су көлемі 50 мың текше метрге ұлғайтылған жағдайда, биогаз қондырғысының өнімділігі қаншалықты артатынын анықтады.

Игорь Хасанов    Кешеннің тұнбаны өңдеу цехының бастығы

"Биогаз қондырғысының өнімділігі шамамен 20-25% - ға өседі деп отырмыз. Қазіргі уақытта сағатына 300 текше метр биогазды өңдеуге қауқары бар күкіртті тазарту станциясының құрылысы жүргізіліп жатыр. Ескі станцияның өнімділігі сағатына 200-250 текше метрді құрайтын, ол әрине, жеткіліксіз".

Күкіртті тазалау станциясы шетелдік құрылғылармен жабдықталады. Құрылыс осы көктемде аяқталады деп жоспарланған.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары